Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

0808

Автор: admin от 4-12-2021, 03:53, посмотрело: 158

0 [media=http://]

Категория: Мектеп

 

Мектеп тарихы

Автор: admin от 20-05-2016, 22:44, посмотрело: 1105

10

"А.Жами атындағы жалпы орта мектебі"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы Жаңа ауыл әкімшілігіне қарасты А. Жами атындағы жалпы орта мектеп 1953 жылы «Сталинский путь» деп аталған бірнеше ғана комплект сыныптар болған. Сол жылдары Оңтүстік Қазақстан бір колхозды осында көшіріліп әкелген, олар орыс ұлтын құрайтын, сондықтан мектеп негізін орыстар құрып, орыс сыныптар болған. Кейін екі тілде – орыс және өзбек тілінде оқитын болды. Ең алғашқы мектеп директоры Протосова О.В. деген кісі болған.

22 – ші партиялық съезде «Культличности Сталина» деген мәселе кегінен қаралғаннан соң, мектептің атын өзгертуді ұйғарған. 1961 жылдан «22 – ші Партсъезд мектебі» болып аталды. Бұл кезде мектеп директоры Степаненко А.А. болған. 1955 – 1956 жылдары әр жерден әртүрлі ұлт өкілдері көшіп келді, сондықтан колхоз «Интернационал» деп аталды. Қазақ балалары көрші «Тельман» бөлімшеге барып оқитын. Ол жерде орыс, өзбек, тәжік тілінде оқитын. 1990 жылдары үш аудан (Славянский, Кировский, Жетысайский) бірігіп Мақтарал ауданы болды. Үш ауданға бір интернат ашылды. 1959 жылы Андажина облысының райком инструкторы болып істеген Спатаев Қ.А. деген кісі директор болды. Ол кісі САМПИ – дің тарих факультетін бітірген. Директорлық лауазымнан ол кісі «Новосельский» ауыл советінің председателі болып істеген. Бұл кезде мектеп директоры Петрова Розалина Афанасьевна болды.


1967 жылы шығыстың ұлы ғұламасы А. Навоидің юбилей қарсаңына мектепке А. Навои атын берілді. Бұл кезде, яғни 1975 – 1995 жылдар аралығында мектеп директоры Тавбаев Х.Т. болды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң мектеп үш тілде оқыды: орыс, қазақ, өзбек. Кейін орыс ұлты біртіндеп Россияға көшіп кетті де, мектеп екі тілде оқитын болды, сосын үш тілде- қазақ, өзбек, тәжік.

Үш аудан біріккен соң мектебіміздің атын А. Жами болып аталды, себебі,

А. Навои деген мектеп тағы бір колхозда бар екен.

Мектеп тарихында жұмысшымен, үлкен тәжірибесімен танылған ұстаздарды атап өтсек, олар: бастауыш сынып мұғалімі М. Федоровна, химия-биология пәні мұғалімі Ездина З.П. математика пәні мұғалімі Ахлединов Ш.А. орыс тілі пәні мұғалімі Грошева Р.С. тарих пәні мұғалімі Кунаров У.


Халық «Білім үздігі» значогымен наградталған ұстаздарымыз:

Ахлединов Ш.А.

Грошева Р.С.

Спатаев Қ.А.

Ездина З.П.

Тавбаев Х.Т.

Кучаров Ш.К.


«В.И.Лениннің – 100 жылдық юбилейі» медалімен наградталған ұстаз – Ездина З.П. «Еңбек ардагері» медалін және Украинаны фашистерден құтқарғанына 60 жылдыға орай медалімен наградталған ұстаз Тавбаев Х.Т.

1995 – 1999 жылдар аралығында Кучаров Ш.К. директор болды. Алдын оқушылар бір қабатты ескі мектепте оқыды. 1987 жылы Жаңа ғимарат салынып, қазір осы үш қабатты үлкен мектепте білім алуда.

1999 жылдан 2010 жылға дейін мектеп директоры болып Ходжиев Б.Х. Қазіргі таңда мектеп директоры Завкиев А.Х. Мектеп үш қабатты. Заманға сай жабдықталған, компьютерлік сынып қазіргі талапқа сай жабдықталған. Физика кабинеті жаңа оқу құралдарымен Интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Оқушылардың білім алуына барлық қолайлы жағдайлар жасалған.

2014-2015 жылдары ҚР Мақтаарал ауданы Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Атақоныс ауылындағы А.Жами атындағы ЖОМ КММ-нің қосымша білім беру педагогы және тарих пәнінің мұғалімі. 2015 жылдың 8 сәуірінен бастап осы ОҚО Мақтаарал ауданы Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Атақоныс ауылындағы А.Жами атындағы ЖОМ КММ-нің директоры Алтынбеков Бабах Мұхтарулы тағайындалды .

Мектеп ауласы көгаландырылып баққа айналған. Бұған үлес қосқан мектептің бағбаны Ганиев У. атамыз. Мектебімізде жоғары дәрежелі білімді ұстаздар істейді. Жас мамандарға жан – жақты көмек көрсетіліп отырады. Келешекте мектептің одан әрі көркеюіне тілек білдіремін.

 

 

 

 

 

МЕКТЕП ТӨЛҚҰЖАТЫ


«А. Жами атындағы жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі


 

 

 

624 орынға арналған 1987 жылдан бастап жұмыс істейді

Мектеп директоры: Алтынбеков Б.М.

- оқу жұмысы жөніндегі: Тәжібаева Р. Бобомуратов К. Завкиев А.

- тәрбие жұмысы жөнінде: Тагаев М.Т.

Абдихаликов А.С.

Кәсіподақ ұйымының басшысы: Хайитов Ш.

Тәлімгерлер: Самбетов Е.Т. Кучаров Ш. Ш.

Жалпы мұғалім саны – 78

Жоғары санатты – 8

І санатты – 27

ІІ санатты – 24

Санаты жоқ – 19

Жалпы оқушы саны – 606

Оқу қазақ, өзбек, тәжік тілінде жүргізіледі:

Қазақ тілінде – 256 оқушы

Өзбек тілінде – 171 оқушы

Тәжік тілінде – 179 оқушы

 
 

Мектеп директоры


Алтынбеков Бабах Мұхтарұлы

 

 


Өмірбаян


Мен, Алтынбеков Бабах Мұхтарұлы 1960 жылы 1 тамызда ОҚО Жетісай қаласында педагогтар отбасында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ.

1966-1976 жылдары Өзбекстан Республикасы Дустлик қаласындағы №1 Н.К.Крупская атындағы жалпы орта мектебінде оқыдым.

1976 жылы Шымкент қаласындағы педагогикалық институтының тарих және педагогика факультетіне оқуға түстім.

Институтты бітіргеннен кейін 1981-1993 жылдар аралығында Өзбекстан Республикасы Дустлик қаласындағы №13 Абай атындағы жалпы орта мектебінде тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Дустлик аудандық білім бөлімінің инспекторы, мектеп директоры болып жұмыс істедім.

1984-1986 жылдары Кеңес Армиясы қатарында отан алдындағы азаматтық борышымды өтедім.

1993-2001 жылдар аралығында ОҚО Жетісай қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы педагогикалық колледжінде тарих және қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушысы, колледждің ғылыми-әдістемелік жетекшісі қызметтерін атқардым.

2001-2013 жылдары ОҚО Жетісай қаласындағы «Сырдария» университетінде оқытушы, аға оқытушы, университет доценті, Заңтану-тарих факультетінің декан орынбасары, Қоғамдық пәндер және география кафедрасының меңгерушісі, Филология факультетінің деканы, География және химия кафедрасының меңгерушісі, Дайындық бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқардым.

2014-2015 жылдары ОҚО Мақтарал ауданы Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Атақоныс ауылында орналасқан А.Жами атындағы ЖОМ КММ-де қосымша білім беру педагогы және тарих пәнінің мұғалімі ретінде қызмет атқардым.

2015 жылдың 8 сәуірінен бастап осы ОҚО Мақтаарал ауданы Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Атақоныс ауылындағы А.Жами атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалып, қызмет атқарудамын.

34 жыл үздіксіз педагогикалық өтілім бар. «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталғанмын.

Анам бар. Анам - Алтынбекова Айжан - ұзақ жылдар бойы мұғалім болып жұмыс істеді. Қазір зейнеткер.

Отбасым бар. Жұбайым: Құрбанбаева Сәнімай - терапевт, дәрігер.

Екі ұл, екі қызым бар. Ұлдарым: Олжас - полиция офицері, Серік - 2 курс құқықтану магистранты. Қыздарым: Дана - информатика магистрі, Мақпал - ағылшын тілі мамандығының 3 курс студенті.

 

Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс, өзбек тілдерін білемін. Компьютерді меңгергемін, интернетте жұмыс істей аламын.

 

 

 

 


 

Абд әр-Рахман Жәми


 

 

 

 

Абд әр-Рахман Жәми, «Абд әр-Рахман Нұр әд-Дин ибн Ахмед } Жәми (7.11.1414, ХорасанаймағыЖәм қаласы, - 9. 11.1492, Герат) - парсы ақыны, филолог, философ, музыка зерттеушісіӘуелі Гераттағы ДилкашмедресесіндекейінСамарқандағы Ұлықбек медресесінде білім алған. Самарқанда ғалымдармен тікелей араласыполардын арасында білімділігімен даңқы шыққан. 

 

 

Гератқа оралған соң, сарай қызметінен бас тартыпсопылық жолға түскенАқын шығармаларында сопылықты насихаттаухалықтың азапты өміріне жаны ашыпқанаушыларды әшкерелеу кабаттаса жырланды. 1456 жылдан Гератқа X. Байқараның сарайында қызмет атқаррды. Осы кезде Әлішер Науаимен таныстыАбд өр-Рахман Жәмидің алғашқы шығармасы өз дәуірінің энцилопедиясы іспеттес "Алтын шынжыр” дастаны. 1468 ж. Науаидің X. Байқара сүлтанның уәзірі болуы ақын жағдайын жақсартты. Ақын діни-филоскағидаларында сопылықтың тәңірмен бірігусүйіспеншілік туралы категорияларындағы мистикалық мәннің жігін ажыратьпоған филос. адамгершілік мағына бердіАдамға деген сүйіспеншілікті, гуманизмдіәдептілікті жырладыОлнегізінендінді жақтағанмен, табиғат шындығын жоққа шығармады. Абд өр-Рахман Жәмидің даңқын шығарған туындылары лирикалық үш жинақ(1479 - 91) пен жетідастаннан тұратын "һәфт авранг” Атты кітабы. Ал "Жүсіп-Зылиқа”(1483), "Ләйлі-Мәжнүн” (1484), "СүлейменменИбсол” (1479 - 80) дастандары парсы әдебиетіндегі нағыз шыншылгуманистік рухта жазылған туынды болады"Бәһористан” (1487) атты прозалық шығармасында мұсылмандық шығыс әдебиетінің ірі тұлғаларыоның ішінде өзінің досы Науаи туралы құнды мәліметтер қалдырдыСоңдай-ақ Әбу Насрәл-ФарабиСафиәд-ДинАбдул-Қадыр сияқты ғалымдардың музыкаға байланысты еңбектерін жете зерттедіСоның нәтижесінде музыканттардың теориялық қағидалары мен муз. тәжірибелерін өз трактатында ғыл. тұрғыдан жан-жақты қорытты. Музыканың шығуы, интервалдардың арақатынасы, ладтардың мәнерлік мазмұны сияқтьі муз. теориясына қатысты мәселелердің барлығын түгел қамтыды. Абд әр-Рахиан Жәми шығармалары қазақ халқына ертеден танысОның "Жүсіп Зылиқасы” мен "Ләйлі Мәжнүні” халық арасында кең тарағанШығармалары көптеген тілдерге аударылып, мол тиражбен тарадыКазақ тілінде " Өлеңдер мен дастандар” атты жинағы жарияланды (1968).


 

 

 

 

 

 

Категория: Мектеп